ТЖМ құтқарушылары түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жете сала жұмысқа кірісті
3,328
оқылды

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жеткен бойда бірден жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

ТЖМ құтқарушылары түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.

Қазақстандық құтқарушылардың жұмыс аумағы — Герат қаласынан 25-30 км қашықтықтағы Наиброфи жері.

Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиыны саналады. Себебі, осы маңда хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.

Герат билігі құтқарушыларға жеделдігі үшін алғыс айтып, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңғалды.