Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов 14 жастағы қыздың зорлануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызды өзен маңында 4 жігіт зорлап, видеоға түсірген: бір күдікті қамауға алынды
869
оқылды

Ведомство басшысы Төле би аудандық полиция бөлімінде осы іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Полиция департаментінің бастығы ретінде зорлық-зомбылық дерегі бойынша істің барысын түсіндіргім келеді. Егер қылмыс жасалса, заң шеңберінде процестерді жүргізу, нақты шешімдер қабылдау және барлық жағдайды анықтау қажет. Заңды шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады», - деді Қабденов.

Ресми мәліметтер бойынша, бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен бірнеше адамнан жауап алынды.

«Күдікті ретінде танылған адам қамауға алынды. Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Түркістан облысы ПД басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында оқушы қыз өзін 4 жігіт өзен жағасында шешіндіріп, кезек-кезек зорлағанын айтып, полицияға шағымданған.