Қостанай қаласында «AMANAT»-тың облыстық партиялық бақылау комиссиясының мү­шелері №6 және №17 жалпы білім беретін мектептерге бар­ды.
Қостанайдағы мектептерді тексерді
608
оқылды

 Олар жүргізілген жөндеу жұмысының сапасын, мектеп ішіндегі және іргелес аумақ­тағы қауіпсіздік жағдайын, сон­дай-ақ санитарлық норма­лардың сақталуын тексерді. 

«Бірінші кезекте оқушыларға бері­летін тамақтың сапасын тек­сердік. Ас әзірленетін бөлмелерді аралап, мектеп асханаларын, азық-түлік сертификат­та­рының бар-жоғын, азық-түлікті сақтау жағ­­дайын, мәзірдің стандартқа сәй­кестігін және тағы басқаларды на­зарға алдық», – деді Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жаңбыршина.

Балалар қауіпсіз ортада білім алуы үшін баспалдақтарда қор­шаулар мен сүйеніштердің болуы, бүлдіршіндерді құлап кетуден қор­­ғайтын терезе жаб­дық­­­та­ры­ның, мектеп маңында жол бел­­гі­лерінің болуы да маңызды рөл атқарады.

«Аталған мектептер талапқа толық сәйкес келеді. Күрделі жөн­деу­ден кейін оқу процесі мен оқу­шылардың қауіп­сіздігі үшін барлық қажетті жағдай жа­сал­ған», – деді «AMANAT» партиясының облыс­тық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселе­лері жөніндегі кеңес­тің төрағасы Несібелі Бәсенова.

Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірдегі барлық білім беру ұйымына мониторинг жүргізіледі.