Павлодарда «AMANAT» мүше­лері партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан екі балабақшаның құрылыс жұмысымен танысты.
Балабақшаларға назар аударды
553
оқылды

 Көзі нашар көретін балаларға арналған №82 арнайы бөбекжай-балабақшада күрделі жөндеу жұмысы келесі жылы қаңтарда аяқталады.

«Балабақшаның құрылыс бары­сына қатысты қандай да бір ескерту айта ал­маймыз. Алайда құрылыс материалдары­ның сапасы алаңда­тады. Есіктер өте арзан әрі нәзік. Сығымдалмаған, тек бір-біріне жа­­быстырыла салған фанера сияқты. Батарея­лардың да сапасы күмән туғызады. Жоба бойынша салысты­рып, ғимарат ауданына сәйкес қан­ша секция­лы батарея­лар орнатылып жатқанын және осындай шағын кө­лемдегі радиа­тор­лар жобада көр­сетілген аумақты жы­лыта ма, жоқ па, соны қарау керек», – деді сарап­шы Андрей Даниленко.

Усолка шағынауданындағы №5 бөбек­жай-балабақшасында депу­тат­тар мердігерлерге жұмыс қарқы­нын жедел­детуді, әсіресе күн суы­май тұрып қасбетті безендіру жұ­мысын аяқтауды ұсынды.

«Біз бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне алғаш рет келіп отырған жоқпыз. Партия құрылыс жұмысы сапа­лы әрі белгіленген мерзімде жүргізілуі үшін тұрақты түрде мониторинг жүргі­зеді. Бүгінде екі нысанда абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда №5 бала­бақшада кәріз, электр, сумен жаб­дықтау, жылу жүйелерін тарту жұ­мысы тек 70-80%, ал №82 балабақ­шада 90-100% орындалды. Біз тиісті ұсыныс жол­даймыз», – деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.