Оқушы құрт шыққан тамақты фотоға түсіріп, анасына жіберген.
Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты
874
оқылды

Павлодар қаласындағы М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінен құрт шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Аталған мектептің бір оқушысы құрт шыққан тамақты фотоға түсіріп, өзінің анасына жіберген.

"Ботқаның ішінде тірі жеміс құрты табылған. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шықты. Тексеру нәтижесінде ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген болатын", – делінген М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің хабарламасында.

Болған жағдайды облыстық Білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолданады.

 

Фото: sputnik.kz