«Болашақ» корпоративтік қорының Bolashak Bright жобасы аясында қайырымдылық ұтыс ойыны басталды.
Жеңімпазға Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жейдесін тарту етті
822
оқылды

Бұл – акция аясындағы төртінші ұтыс ойыны. Bolashak Bright – бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда әрбір адам Қазақстанның қайырымдылық қорларына 1 000 теңгеден бастап қайырымдылық жасап, бағалы жүлделер мен сыйлықтар ұтысының қатысушысы бола алады. Мақсат – халық арасында қайырымдылықты кеңінен насихаттау. Жиналған қаражат еліміздегі қайырымдылық қорларының жобаларына бағытталады. Жарналар 2023 жылғы 25 қазанға дейін www.bolashakbright.kz сайтында қабылданады.   

Жиналған қаражат Жамбыл облысының балалар үйлерінің балаларына арналған білім беру саяхатын ұйымдастыру үшін «Союз Жаса» қорына жолданатын болады. Бір жыл ішінде қор балалар үйлерінің балаларына арналған 10-нан астам саяхат ұйымдастырды. 550-ден астам баланың арманы орындалып, олар Алматы, Ақтау қалаларын, Байқоңыр ғарыш айлағын және еліміздің үлкен қалалары мен көрнекі жерлерді көріп қайтты. 

Қайырымдылық жарналарын салғандардың барлығы жүлделер мен сыйлықтар ұтысына қатысады. Бас жүлде – «Барыс» ХК-ның VIP-ложасында өз алаңындағы екі ойынын тамашалау. VIP-ложа 13 адамға арналған, жеңімпаз туыстары мен достарын шақыра алады. Тағы бірнеше жарна салушы «Барыс» хоккей клубының аты жазылған джерси күртесін, клуб мүшелерінің қолтаңбасы қойылған клюшка және ойынға билеттер ұтатын болады.

Bolashak Bright жобасы 2023 жылдың ақпан айында танымал Ninety One музыкалық тобымен бірлескен жұмыстан басталды. 

Алғашқы қайырымдылық жинау кезінде 1 118 918 теңге жиналды, ал жеңімпаз танымал Q-pop тобының мүшелерімен ланч кезінде кездесуге мүмкіндік алды. Жиналған қаражат буллезді эпидермолизге шалдыққан 8 жасар ұл баланың саусақтарын ажырату үшін операция жасауға  Kobelek Balalar  қорына жіберілді.

Қайырымдылықтан түскен қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына, №95 мектеп-лицейінде аутизм және басқа да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетін ашу үшін «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына бағытталды. Bolashak Bright акциясының қайырымдылық жасаушылары қатарынан ұтыс жеңімпаздары қолтаңбасы қойылған Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың футболкасын және басқа да сыйлықтарды ұтып алды.