Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, көз жұмды
653
оқылды

Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

«10 қазан күні Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған қызметкер 1967 жылы туған жергілікті тұрғын абайсызда жоғары кернеуге ұшырағанын анықтады. Экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, ер адам 6 мың вольтты электр тогымен зақымданды», –  делінген хабарламада.  

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабы  3-бөлігі  («Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.