Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Түркістан облысында кезекте тұрған ер адам дәрігерді пышақтап кетті
1,043
оқылды

Түркістан облысында полицейлер дәрігерге шабуылдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

"Аталған дерекке байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады", – делінген хабарламада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: polisia.kz