13 қазанда Алматыда және тағы 10 өңірде дауылды ескерту жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жел, тұман: еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жасалды
4,174
оқылды

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 13 қазанда тәулік бойы жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматыда 13 қазанда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде оңтустік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі.