Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елордада тапсырыспен кісі өлтірмек болған күдікті ұсталды
1,054
оқылды

Астанада полицейлер екі күдіктіні, яғни кісі өлтіруге тапсырыс беруші мен адам өлтіруге тапсырыс алған адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тапсырыс беруші істеген ісі үшін жауапкершілік алғысы келмей, қылмыстан жалтармақ болған. Жедел іс-шаралар жүргізу арқылы күдіктілер Астана-Көкшетау тасжолында ұсталды.

– Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, – деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.