Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге зардап шегушілердің денсаулығына қатысты пікір білдірді.
Павлодарда жол апаты болып, екі жолаушы қаза тапты
825
оқылды

Павлодарда жол апаты болып, екі жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазан күні сағат 17:00-де Атамекен кентінен екі шақырымда «Honda Еlysion» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне аударылған. 

«Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші мен оның екі жас баласы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.  

Облыстық жедел жәрдем станциясында хабарлама сағат 16:50-де түскенін хабарлады. Бригада оқиға орнына алты минутта жеткен.

«Өкінішке орай, жедел жәрдем келгенге дейін екі адам көз жұмды: 1960 және 1990 жылы туған ер адамдар», – деді станциядан. 

Үш адам ауруханаға жатқызылған: 33 жастағы ер адам – Павлодар қалалық № 1 ауруханаға, ал алты айлық қыз бен алты жасар ұл облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.