Ұлттық статистика бюро­сы­ның мәлімет­теріне сүйенсек, 2023 жыл­дың қыркүйегінде Қазақстан халқы 19 млн 944 мың адамнан асты.
Демографиялық қауіпсіздікті шұғыл түрде нығайту қажет
971
оқылды

 Халық саны­ның өскені экономикалық дамуға оң әсер еткенімен, ин­фрақұрылым, денсаулық сақ­тау, білім саласы мен еңбек нары­ғындағы ауқымды мәсе­ле­лерді күн тәртібіне шы­ғар­мақ. Осы тұрғыда де­мо­граф ғалым, Чарльз университеті (Прага қ., Чехия) «Болашақ» бағдарламасының түлегі Аида Байғараевамен сұхбат құрған едік. 

– Аида Есімханқызы, Қазақстан халқы 20 миллион адамға жуықтады. Қазір демографияға қатысты қандай өзекті проблемалар бар?

– Көбіне аумағы және халық саны бойынша Қазақстанды Франциямен салыстырып жатады. Францияның ау­мағы Қазақстаннан 5 есе аз, ал халқы ша­мамен 67 млн адам. Осыған байла­нысты Қазақстан тәуелсіздігін алған 1990 жылдардың басында көптеген отандық демограф біз үшін халықтың оңтайлы саны 60 млн адам болуға тиіс екенін айтқан болатын. Сол кездері халық санын ұлғайту бойынша көптеген бағдарлама іске қосылды. Алайда халық санының көбеюі барлық мемлекеттік құ­рылыммен және ең бастысы ин­фра­құрылыммен тығыз байланысты ке­шен­ді процесс екенін ескеру қажет. Бүгінде Қазақстан 20 милионға жетті — бұл жақсы, әрине. Дегенмен осының әсе­рінен көптеген әлеуметтік-экономи­калық проблема туындайды. Жергілікті жерлерде отандық өндіріс (зауыттар, фа­брикалар және т. б.) пен жұмыс орын­дары бар ма, балабақша, мектеп, ауру­хана, тұрғын үй, жол айрығы және көлік қатынасы, ауылдық жерлерде азық-түлік дүкендері қолжетімді ме? Әрине, бұл тұрғыда Қазақстанда үлкен орта мек­тептерде бір сыныпта 40 адамға дейін оқыған кезде қазақстандық азамат ауылдық жерде (ауылда) тұрып, уақы­тылы медициналық көмек ала алмаған кезде және көршілес аудандық ауру­ханаға қалай жетуге болатыны туралы әдістер мен тәсілдерді табуға мәжбүр болған кезде Қазақстан қатты қиын­дықтарға тап болады. Сонымен қатар халық санының өсуі мәселесі инфра­құрылымның проблемаларын ғана ай­қындап отырған жоқ, сонымен қатар осының әсерінен адамдардың біркелкі қоныстанбауын да көрсетіп отыр. Бүгін Қазақстанда радикалды урбанизация процесі жүріп жатқанын көріп отырмыз, онда ауылдық жерлердегі жастар, сондай-ақ орта жастағы адамдар өздерін жұмыспен қамтамасыз ету үшін және жақсы өмір сүру үмітімен жаппай қалаға көшуде. Бірақ «құмырсқаның илеуін­дей» құжынаған тұрғын үй кешендері мен барак үлгісіндегі баспаналарда тұруға, 6-7 адамнан бір бөлме жалдауға мәжбүр. Мұндай өмір салты «адами капиталдың» жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл ұғым – демо­графияның негізгі та­қырыпта­ры­ның бірі. Сәйкесінше, на­шар жағдайда өмір сүру адамның мә­дениеті мен құн­дылықтарының дең­гейіне сөзсіз әсер етеді. 

– Еліміздегі азаматтардың орташа жасы қандай және ол қай салаларға тіке­лей әсер етеді? 

– Қазақстанның демографиялық жылнамасының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың басында қазақстандық­тардың орташа жасы – 32,1. Айта кету керек, бұл – Қазақстан Республикасы халқы жас екенін дәлелдейтін жақсы көр­сеткіш. Алайда демографиялық жүктеме проблемасы туралы ұмытпау қажет, өйткені балалар мен еңбекке жарамсыз қарттардың мәселесі елі­міздің эконо­микалық белсенді тұрғын­дарына кері әсер етпек. Мұндай жағ­дайда орта жас­тағы тұрғындарға, еңбек пен табыс мәселесінде көп ауыртпалық түсіп, тіпті өндіріс пен экономикада көрі­ніс табаты­нын көреміз. Нәтиже­сінде, қазір барлық салада кәсіби кадр­л­ар­дың жетіспеушілігі проблемасы туындап отыр. 

– Елдегі туу мен өлім-жітімге қандай факторлар әсер етеді? Оларды реттеуге бағытталған бағдарламалар бар ма?

– Жасыратыны жоқ, туу мен өлім-жі­тімге әсер ететін фактор өте көп. Оның ішінде халықтың денсаулығы, тұрғын үй мәселесі, экономикалық тұ­рақ­тылық пен ертеңгі күнге деген сенім­ділік беретін тұрақты жұмыс орындары және тағы басқалар. Бұған 1990 жыл­дардың басында туу көрсеткіштерінің төмендеп, 1998 жылдан бастап өсе бастағаны дәлел. Мүмкін, кедей елдер арасында халық санының табиғи өсімі экономикалық тұрақтылыққа тікелей байланысты емес те шығар. Өйткені экономикасы төмен мемлекеттердегі туу деңгейінің жоғары екенін көреміз. Бірақ еліміздегі туу динамикасын әр жылға сәйкес талдай келе, бұл екі саланың дамуына да өзара байланыс бар екеніне көз жеткіземіз. Қазақстандағы туу мен өлім-жітімге әсер ететін барлық процесті терең және егжей-тегжейлі қам­титын бірде-бір мемлекеттік бағдар­ламаны атай алмаймын. Бүгінде Үкі­меттің 2021 жылғы 12 қазандағы қау­лысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы ретінде бекітілген бір ғана мемлекеттік бағдарлама туу мен өлім мәселелерін шешуге бағытталған. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз, өйткені бағ­дарламаның фокусы тек денсаулық факторына ғана қатысты. Содан кейін бұл бағдарламаны іске асыру мерзімі 2021 жылдан 2025 жылға дейін қысқа мерзімді, ал туу мен өлім-жітім процес­тері ұзақмерзімді болжамды қажет етеді. Сонымен қатар бағдарламаның мақсаты «әрбір азамат үшін сапалы және қол­жетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге» бағытталған, демек денсаулық мәселелерін ғана шешеді.

– Қазақстанның демографиялық жағдайындағы көші-қонның рөлі қандай? Халықаралық көші-қон тенденциялары бар ма және ішкі көші-қонды бақылау үшін қандай шаралар қабылдануда?

–Қазақстанның ғана емес, кез кел­ген елдің демографиялық жағ­дайында көші-қонның рөлі өте маңызды. Бізге келетін болсақ, сыртқы және ішкі көші-қон мәселелерін жауапты құрылымдар шешеді. Бірақ мұндай ведомстволар тек ағымдағы көші-қон көрсеткіштерін тіркеу, деректерді жинау және өңдеу секілді операциялық жұмыспен айналы­сады. Алайда көші-қон саясаты демогра­фияның негізгі процестерінің бірі және болжамды қажет етеді. Мұндай үрдістер көші-қон ведомстволарының бағдар­ламаларында қамтылмаған. Сондай-ақ көп жағдайда осы мекемелердің долбар­ларында орта және ұзақмерзімді үрдістер ескерілмейді немесе стихиялық көші-қон процестері ғана көрсетіледі.

– Алдағы онжылдықта демографиялық ахуалды дамытудың қандай перспек­тивалары бар? 

– Қазақстандағы демографиялық ахуалды дамыту перспективаларына қатысты демографиялық қауіпсіздікті шұғыл түрде нығайтуымыз қажет екенін атап өткен жөн. Демографиялық қауіп­сіздік – ең алдымен, қоғамның әлеу­меттік-экономикалық дамуын ішкі және сыртқы демографиялық қауіп-қатерлерден қорғау. Бұл кем дегенде мемлекет мәртебесінің геосаяси, эконо­микалық, этникалық және басқа да түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Экономикалық қауіпсіздікке келер болсақ, біз жоғарыда Қазақстанда эко­номикалық белсенді халыққа демогра­фия­лық жүктеме жоғары екенін айтып өттік. Яғни, қартайған, сондай-ақ ең­бек­ке жарамсыз жас буын өкілдері эко­номикалық белсенді азаматтарға бір­шама салмақ түсіріп отыр. Демография­лық проблемалар туралы болжамдармен бөліссек, алдағы онжылдықта халықтың қартаюы бойынша көрсеткіштер тағы да артады. Сонымен қатар Қазақстан­дағы еңбекке қабілетті азаматтарға экономи­калық жүктеме күшейіп, адами капитал­ құнсыздана түспек. Ал көңіл көншітерлік мәселелердің бірі ретінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы шамалы да болса жоғарылайды. Ал қысқа­мерзімді болжамдарға сай туу көр­сеткіші орташа деңгейден асып барып қайта төмендейді. Өкінішке қарай, бүгінде халықты бас­қарудың орта және ұзақмерзімді мемле­кеттік стра­тегиясы немесе жоспарлар жоқ. «Қа­зақстан-2030 және 2050» ұлттық стра­тегияларында демографиялық қол­даудың ма­ңыз­дылығы туралы қысқа да нұсқа ай­тылғаны болмаса, арнайы тоқталма­ғанын көреміз.

– Статистикадан тыс мемлекет тара­пынан қандай демографиялық зерттеулер жүргізілуі қажет?

– Туу және көші-қон мәселелерінде халықтың ішкі қалауы, ниеті мен жос­парлары бойынша демографиялық зерт­теулер, аурулар мен өлім-жітім мәсе­лелері бойынша ғылыми-демогра­фия­лық зерттеулер міндетті түрде жүр­гізілуге тиіс. Сондай-ақ ағымдағы көр­сеткіштер мен үрдістер негізінде қысқа­мерзімді, ортамерзімді және ұзақмер­зімді барлық деңгейдегі демографиялық болжамдар­ды жүйелі түрде жасалуы қажет. Бұл ықтималдығы жоғары демо­графиялық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, мемлекеттік деңгейде мұндай болжамдар жүргізіл­мейді, Үкімет тарапынан осы тектес жобаларға қолдау көрсетілмейді. Оны әртүрлі шағын ведомство, салалық ғы­лыми-зерттеу ұйымдары немесе ын­талы ғалымдар жүргізсе де, демеушілік же­тіспейді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне келер бол­сақ, олардың негізгі қызметі – ағымдағы де­мо­­графиялық деректерді жинау, өңдеу, талдау және жариялау. Сондықтан бүгінде мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан демографиялық зерттеулер жоқ. Жоғарыда айтып өткен «адамдар мен инфра­құрылым» мысалында біз бұл мәселе әрбір қазақстандықтың өмірінде қаншалықты проблемалар туғызатынын көріп отырмыз.

– Білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласын, еңбек нарығын демогра­фияға байланысты қандай тәуекелдер күтіп тұр?

– Бүгінде мемлекеттік демогра­фия­лық және гео-демографиялық мәсе­лелердің ауқымды зерттелмеуі әлеумет­тік-экономикалық қамтамасыз ету проблемаларының туындауына әсер етеді. Егер білім беру жүйесін айтар бол­сақ, әсіресе қалалы жерлерде сынып­тарда орын жетіспеушілігі байқалады. Ал ауылдық жерлердегі мектептер, ке­рісінше, кәсіби кадрларға зәру. Қа­зақ­станның көптеген ауданы мен өңірінде мектеп ғимараттарының болмауы, ин­тернет желісінің жеткізілмеуі де басты мәселе. Тіпті, елорданың кейбір шағын­­ау­дандарында да үш ауы­сымды мектептер бар. Денсаулық сақтау жүйе­сінде ауруха­наларға арналған тип­тік ғимараттар мен кәсіби кадрлардың азды­ғы немесе жоқтығы күн тәртібіндегі мә­се­ле. Меди­циналық техника және ар­наулы көлікпен қамтамасыз ету де кезек күттірмеді. Осылайша, білім беру, ден­сау­лық сақтау, еңбек нарығында демогра­фиялық проблемалар бұрынғы болжам емес, бүгінгі шындығымызға ай­налып отыр және күн сайын күрде­лене түспек…

– Сұхбатымыздың соңында жалпы елімізге демография жөніндегі уәкілетті орган қажет пе деген мәселеге тоқтала кетсек.

– Әрине, бізге елдегі демография жөніндегі уәкілетті орган керек-ақ. Бүгінгі сұхбатымыздан демография — бұл қоғам өмірінің барлық саласын қамтитын кешенді және қолданбалы ғылым екенін байқаған шығарсыз. Сондықтан мемлекетте міндетті түрде бір орталықтан басқарылатын, барлық саламен және ведомствомен өзара байланыс орнататын мемлекеттік уәкі­летті орган болуға тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Кәмила Еркін