2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарына төрағалық ету Ресей Федерациясына өтеді. Бұл туралы ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев кеңейтілген отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz Кабар сайтына сілтеме жасап.
Келесі жылы ТМД-ға төрағалық Ресейге өтеді
697
оқылды

«ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, оған Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», - деді ол.

Ресей президенті Владимир Путин өз сөзінде атап өткендей, төрағалық кезінде Ресей Қырғызстанның қазіргі президентімен және 2025 жылы - Тәжікстанмен тығыз әріптестікте әрекет етеді. 

Сондай-ақ осы кезеңде алға қойылған бастамаларды жүзеге асыруда сабақтастықты қамтамасыз етуге тырысады.

«Әрине, біз ТМД-дағы барлық серіктестермен екіжақты және төрағалық аясында өзара бірге жұмыс істеуге бел будық», - деді Путин.