Бұл шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатқан Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Қуанышты жаңалықты халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды
1,072
оқылды

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Жиын барысында түркі әлеміне қатысты маңызды шешімдер қабылданды.  

Бұл – үлкен жетістік. Себебі жыл бойы түбі бір түркі елдері Каспийдің жағасында бас қосып түрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл арқылы аймақтың туристік әлеуеті артады,- деп бөлісті ҚР Халықаралық Түрксой ұйымының өкілі Бақытжан Омар. 

Айта кетейік, бұл сында Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстан елдері де таласқан. Осыған дейін түркі әлемінің мәдени астанасы Астана мен Түркістан қалалары болған еді.