Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде жас қыз 16 қабаттан құлап қаза болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматыда жас қыз 16 қабаттан құлап, қаза тапты
733
оқылды

Куәгерлердің айтуынша,  бойжеткен бұл үйде тұрмаған. Ол пәтер терезесінен емес, ғимараттың баспалдағындағы балконнан құлап кеткен. 

Оқиға кеше кешкі алтылар шамасында болған. Тұрғындар жас қыздың көмекке шақырған даусын естігендерін айтады. Ал кейінірек бойжеткеннің балконнан аяқкиімі мен сөмкесін тауыпты. Әзірге бұл жағдайға не түрткі болғаны белгісіз. Азаматтардың кейбірі әлеуметтік желіге видео түсіру кезінде құлап кетуі мүмкін дейді. 

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 105-бабы  (“Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша іс тергелуде. 

"Бұл қыздың сымбатты екені және жақсы киінгені, жақсы отбасыдан шыққаны көрініп тұр. Өзін-өзі өлтіруге барады дегенге сенбейміз. Тек видео түсіру кезінде оқыс жағдай болды ма деген ойдамыз", - деді Алматы қаласының тұрғыны Сурая Сапарова.