БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының жаңа есебіне сәйкес, соңғы 30 жылда табиғи апат салдарынан жоғалған өсімдік пен мал шаруашылығы өнімінің көлемі 3,6 трлн еуроға бағаланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Соңғы 30 жылда табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен қай аймақ?
1,492
оқылды

Kazinform агенттігі Еuronews сайтына сілтеме жасап жазуынша, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) жаңа есебінде табиғи апаттар соңғы 30 жылда ауыл шаруашылығы саласына 4 трлн АҚШ доллары (шамамен 3,6 триллион еуро) көлемінде зардап әкелгені айтылған.

Ұйым сарапшылары апат саны өткен ғасырдың 70-жылдарымен салыстырғанда бірнеше есе артқанын және әлі де өсіп келе жатқанын ескертті.

– Апаттар бүкіл әлем бойынша ауыл шаруашылығы саласына бұрын-соңды болмаған зиян келтіріп, шығынға ұшыратты. Олардың ұлғаю қарқыны мен жиілігі – 1970 жылдардағы жылына 100-ден соңғы 20 жылда шамамен 400-ге дейін өсті. Сөйтіп,  ауыл шаруашылығы азық-түлік жүйесіне түрлі жолмен әсер етіп отыр. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және ауылшаруашылық секторының тұрақтылығына нұқсан келтіреді, – дейді ФАО бас экономисі Максимо Тореро.

Апаттардан ең көп зардап шеккен аймақ – Азия. Одан кейін Америка мен Еуропа.

Пайыздық мәндегі ең үлкен шығынды табысы төмен елдер тартқан. 

Ауыл шаруашылығындағы қатерді азайту үшін уақытылы алдын алу шаралары қажет, – дейді сарапшылар.

Мысал ретінде Африкадағы шөл шегірткесінің шабуылына қарсы қолданылатын ерте ескерту жүйесі келтірілген.