Көксу ауданында “Ауди-100” жеңіл автокөлігі “ГАЗ-САЗ” жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті
596
оқылды

14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңындағы Балпық би – Мәмбет тасжолында жол апаты болды.

"Оқиға орнынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне босатылды. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар", – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД.

Аталған факті бойынша бірқатар сараптама тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды.