Жұмысшылардың жалақысын төлетті
Жұмысшылардың жалақысын төлетті
262
оқылды
Қарағанды облысындағы «ТехноИндустрия» ЖШС-нің 8 жұмысшысы 2 айдан бері жалақыларын алмаған. Мекеме басшысының Еңбек кодексін бұзып қана қоймай, қол астындағы қызметкерлеріне айлық төлемегені белгілі болды. Nur Otan партиясы Қара­ғанды облыстық филиалы мамандарының ара­ласуымен мәселе оң шешімін тапты. Партия мүшелері өндіріс орнының басшысымен сөйлесіп, кездесуге шақырды. – Басшылықтың жалақы тө­лейміз деген уәдесінен шар­­­шадық. Сондықтан пар­тия­ның қоғамдық қабыл­дау бөлмесіне бардық. Біздің мәселемізді тез арада шеш­кені үшін партия­лық­тарға алғы­сы­мыз шексіз. Олар­дың халық­пен етене жа­қын жұмыс іс­теп жатқа­ны­на көзіміз жет­ті. Бірнеше ай бойы ала ал­май жүр­ген жалақымызды аз уа­қыттың ішінде алып бер­ген облыстық партия фи­лиа­­лының басшылығына риза­мыз. Осы орайда біз өз аза­маттық ұстанымымыз ре­­тінде партияның алға қой­­­ған бағдарламаларын жү­зе­ге асыруға атсалысып, алдағы іс-шараларға белсене қатысуға дайынбыз. Nur Otan пар­тия­сының келешекте ха­лық үшін істеп жатқан игі істерінің нәти­желі бо­луын тілейміз, – деді «Тех­но­­ин­дус­трия» өнді­ріс­тік ком­па­ния­сының көлік жүр­гізушісі Абай Әбдібаев. Айта кетейік, кездесу нә­ти­жесінде жұмыс берушінің жұмысшыларға 1 миллион 279 мың теңге жалақы қарызы төленді.   Әбілмансұр ЖАСАН