«Ирина Қайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ирина Қайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде көз жұмды
1,740
оқылды

Tengrinews.kz-ке куәгерлердің айтуынша, топ өнер көрсетер алдында диджей көрермендердің көңілін көтерген. Оның сөйлеген сөзін мобилограф видеоға түсірген. Бір кезде жас жігіт құлап қалған.

«Ол құлап қалды, бәлкім, есін жоғалтты, құлап бара жатып диджейдің жабдығына басын соқты. Оған адамдар дереу жүгіріп барды, ақ халат киген адам оларды шығарып жіберді, содан кейін оны сахнаның артына алып кетті. Диджей ойнауды жалғастырды. 30 минуттан кейін олар құлаған адамның қайтыс болғанын хабарлады. Концерт болмай қалды», – дейді куәгерлер.

 

Фото: phonoteka.org