Ұлттық статистика бюросы сайттағы баршаға қолжетімді мәліметтерді әлдебіреулер TikTok арқылы сатып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлдебіреулер тегін ақпаратты TikTok-та ақшаға сатып жүр – Статистика бюросы
909
оқылды

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген TikTok аккаунтардың қызметін пайдаланбауды сұрайды.

Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақша үшін «Мен сияқты қанша адам бар?» сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болды. 

Эфирді ұйымдастырушы банк аударымы үшін телефон деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімін жазады.

«Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз», – дейді ұлттық статбюродан.

Бұл мәліметті сайттан қалай біле аласыз? Оның бәрі төмендегі видеода егжей-тегжейлі көрсетілген.