Қазақстандық сейсмологтар 15 қазанда Ауғанстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауғанстанда тағы да қатты жер сілкінісі болды
621
оқылды

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2.

Магнитудасы – MPV 6,3.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Оның алдында, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.