Семей қаласында өткен жұманың түнінде полицейлерге әйел адам хабарласып, теміржол бекетінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Теміржолға "бомба" қойған әйелге 17 миллион теңге айыппұл салынады
1,608
оқылды

Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жедел жетті. Азаматтардың қауіпсіздігі мен эвакуациясын қамтамасыз ету үшін ғимарат аумағын полиция қызметкерлері қоршауға алды. Теміржол аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

– Қазір барлық тергеу күштері жалған террористті ұстауға жіберілді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелген. Енді оған 5 000 АЕК – 17 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға кепілдік беріледі, – дейді Абай облысының Полиция департаменті.