Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz полицияға сілтеме жасап.
Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды
633
оқылды

15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соқтығысқан. 

– Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, – деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.