Ғылыми-зерттеу жұмыстары формальды түрде жүргізілген.
БҚО-да университет ғалымдары ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
1,447
оқылды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері қаражат жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері, алдымен, халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек болған.

«Алайда университет ғылыми-зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан, атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған. Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде», – делінген ресми ақпаратта.