Өлімнің алдын-ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз.
"Ирина Қайратовна" тобы мобилографының неден қайтыс болғаны белгілі болды
1,281
оқылды

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

14 қазанда Шахназ Жылқайдардың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілген. Өлімнің алдын-ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін "Ирина Қайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлаған.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден-бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", – деді топ мүшелерінің бірі.

Фото: massaget.kz