Белгілі заңгер Айгүл Орынбек жат ағымның жетегінде жүргендер қоғамға әлі де қауіпті екенін ашып айтты. Оның сөзінше, олар қоғам арасында іріткі салып, ел тыныштығын бұзуды көздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қара жамылғандар ТikTok-та аузына келгенін оттап отыр»: заңгер хиджаб кигендерге қатысты тосын мәлімдеме жасады
9,438
оқылды

Заңгердің пайымынша, жат ағымның жетегінде жүргендер тіпті елде тағы төңкеріс жасаудан тайынбайды.

«Елде жағдай әлі де тұрақты емес! Қаңтардан кейін тарақандар сияқты жан-жаққа қашқандар, елде қайта төңкеріс жасауға келген жоқ па? Қара жамылғандардың тик-токта отырып аузына келгенін оттауы, “домбыраны харам, хиджап шешпейміз” деп ұрандаулары бәрі бекер емес. Бұлар бір миссиямен жүр!

Елде төңкеріс жасағысы келіп жатқандар халықтың психикасын жақсы зерттегендер.

Халық қандай тақырыпқа тез көтерілетінін жақсы меңгерген бұлар. Олар, көп ұлтты халық тұратын елді мекендерге барып, ұлттар арасында неше түрлі оқиғаларды қолдан жасап, халықты көшеге шығаруды ұйымдастыруы әбден мүмкін. Қазақ қызын өзбек зорлады немесе өзбек қызын қазақ зорлады деген тақырыптарға мұқият болыңыздар, халқым!

Олардың қолында әлі де біраз күш пен ақпараттық қолдау бар.

“Ойбайлатып, көздерін ағызып тұрып” шығарып берген ақпараттарға сене бермеңіздер!", – дейді Айгүл Орынбек.

Ол қолына билікті алғысы келіп жатқандар тыныш жатпағанын атап өтеді.

"Олар билікті халықты көшеге шығару арқылы ғана құлата алады. Сол үшін әрбір шыққан ақпаратты зерделей біліңіздер! Көп дүниелерді білмей жатып даурығып, атойлап көшеге шығып жүрмеңіздер!

Ендігі көтерілісті бұлар мешітке баратын жамағат арқылы немесе ұлтараздық арқылы жасағылары келіп отыр. Сол үшін абай болыңыздар!

Еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу өз қолымызда! Елдің алдында жүрген азаматтар көп дүниені ашық айтқандары үшін, қазір оларға қарсы үгіт-насихат керек десеңдер аузын жабу үшін қастандық жасалып жатыр. Тіпті керек десеңдер басталып та кетті. Оған мысал ретінде Ринат Зайытов ағамызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар. Елімізді арам ойлы сақалды сәләфиттерге беріп қоймайық!

Екінші Ауғанстанды өзіміз қолдан жасап алмайық!», – деп жазды ол.