Танымал әнші Медеу Арынбаев “Менің өмірім” бағдарламасында марқұм әйелі Айгүл туралы тебірене сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан кейін екінші рет үйленбеуінің себебін түсіндірді
16,157
оқылды

Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, әнші ұлын ұяға, қызын қияға қондырған соң, жанын түсінетін адамды кездестірсем деп ойлайды.

“Уақытында айтқанбыз, алғашқы 3-4 жылда қиын, ауыр болды. Рухани жағынан салмақ, сағыныш болды. Қазір күні-түні зарлап жүрмін деп айта алмаймын. Оның бәрі –  әдемі елес. Айгүліміз – Дәулет пен Даянаның аяулы анасы. Сүйікті жарымның жоғарыдан қарап тұрғанын білеміз. Ұлым мен қызымды бірінші періштесі – аяулы анасының әруағы қолдап жүреді. Мен оған сенімдімін. “Қайда жүрсің?” деп талқылап, түнде телефон соғатын ата-аналардың қатарынан емеспін. Бірақ қазір Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін. Одан кейін өмірлік жолдас, жар, дос дейміз бе, кездессе екен деген тілегім бар. Махаббат шыңы, таза махаббат деген ұл мен қыздың, ер мен әйелдің ойының бір жерден шығуы. Сүйкімділігі жағынан, сырт келбеті былай тұрсын, мәдениетімен, ішкі жан дүниесімен өнерлі болса деймін. Айгүл өнерлі еді ғой”, – дейді Медеу Арынбаев. 

Өнер иесі жақында марқұм жұбайы екеуінің үйлену тойындағы видеолары жинақталып, бейнеклип жарық көретінін айтты.

“Менің Бауыржан деген көмекшім тойымнан сюжет жинапты. Маған аяқасты тосынсый жасады. “Кеше ғана” деген әнім Бауыржан Үсенге ұнапты. Менің бүкіл мұрағатым соның қолында. Тойдағы сюжеттерден Айгүлдің бейнесін аша біліпті. Сол бейнежазба жақында жарыққа шығады. Көп тыңдарманым Айгүлдің қандай екенін білмейді. Мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы бейнероликте Айгүлді аша білген. Көпшілік сұрақтарға жауапты осы бейнежазбадан алады деп үміттенемін. Айгүлдің жарқын, шынайы, таза екендігі осы видеода суреттеледі. Тойымыз 1998 жылы 8 қарашада болған еді. Биыл 25 жыл толып қапты. Менің махаббат тақырыбындағы әндерім Айгүлге арналады”, – дейді өнер иесі.