20 қазанда Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді. Тақырыбы – «Халықтың ша­ма­дан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы».
Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді
568
оқылды

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс пен Сенат депу­таттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық банктің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Жиында халықтың кредит алуын төмендету және қаржылық сауаттылығын арттыру, лудомания мен киберқылмыстың, соның ішінде интернет алаяқ­тықтың әсерінен азаматтардың кредит алуы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының пайдасына қарыздарды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесі туралы қабылданатын шараларды талқылау жоспарлануда.

Іс-шарада Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова,  Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха баяндама жасайды.  Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар әзірленетін болады. Парламенттік тыңдауды Мәжі­лістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырады. 

Отырыс Мәжілістің жалпы отырыс залында сағат 10:00-де басталады. Мәжілістің сайтында және әлеу­меттік желілердегі аккаунттарында онлайн көр­сетіледі.