15 жастағы қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.
Алматы облысында 15 жастағы қызды жас жігіт пышақтап кеткен
966
оқылды

Алматы облысының полицейлері Ұзынағаш ауылында жасөспірім қызды пышақтап кеткен күдіктіні ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,12 қазан күні таңғы сағат 6.00 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарланған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабы  3-бөлігі, 99-бабы  2-бөлігімен аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта фактіні тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.