Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Шымкентте 20 жастағы жігіт мектеп ауласындағы турникке асылып қалды
894
оқылды

Шымкентте 20 жастағы жігіт мектептегі спорт алаңында турникке асылып, қайтыс болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Отырарға сілтеме жасап. 

 

Қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 02.20-да болған.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласқан. Олар Қ.Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады.

Жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Марқұм артында ешқандай жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаттары табылмады, сондықтан әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ.

Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста екен. Қазір  қажетті сараптамалар жүргізілуде.