Оның жүрегі тоқтап қалған.
Қызылжарда футбол ойнап жүрген 18 жастағы жігіт кенеттен қайтыс болды
877
оқылды

Қызылжарда футбол ойнап жүрген 18 жастағы бозбала оқыстан құлап, қайтыс болды. Бұл ақпаратты СҚО Денешынықтыру және спорт басқармасы растап отыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

1bol.kz порталының хабарлауынша, ойын кезінде құлаған жігітті дәрігерлер өлімнен арашалап қала алмады. Қайғылы оқиға 16 қазан күні кешкілік болған.

Жедел жәрдем көлігі қайтыс болған жігітке реанимациялық көмек көрсеткенімен, нәтижесіз аяқталған. Ойын кезінде баланың жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болып отыр.

СҚО Денешынықтыру және спорт басқармасы 18 жастағы жігіттің Рауан Мұхтаров есімді азамат екенін атады. Ол кеше кешкілік қаладағы «Қарасай» стадионының қосалқы алаңында футбол жаттығуына қатысқан. 

Марқұм 2005 жылы дүниеге келген. Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығында 2-курста оқып жүрсе керек.  Жастайынан бокспен айналысып, бірнеше турнирде жеңімпаз атанды. 2022 жылдың шілде айынан бастап футболға түбегейлі бет бұрып, «Қызыл-жар» футбол орталығында жаттығып жүрген.

Фото: masterfibre-pfo.ru