Жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 7152.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт көз жұмды
740
оқылды

Оқиға дүйсенбіде кешкі сағат жетіде Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.

2005 жылы туған жігіт футбол жаттығуы кезінде спорттық жарақат алған. Эпигастрия аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тигенде, жерге құлап, басын жарақаттаған.

Жедел жәрдем станциясына 18:36-да қоңырау түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнында болды. Олар "анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты" деген диагноз қойды. Жігіт 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды.