Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Қайрат Боранбаев бірнеше нысанды мемлекетке қайтарды
919
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС.

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ Fitnation фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті», – делінген агенттік хабарламасында.

Аталған нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Енді ол нысандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылмақ.