Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Атырауда өзенге батқан көліктен екі адамның мүрдесі табылды
1,119
оқылды

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған.

"Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971, 1981 жылы туған екі ер адамның мүрдесі табылды. Дене жарақаттары анықталмаған. Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23.18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып, Жайық өзеніне батқаны түскен. Қазіргі таңда мүрделерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Баян Жанұзақова