Соңғы жылдары «Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы, қала әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды.
Талғат Рахманберді Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды
670
оқылды

Президент Әкімшілігінің және қала мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Астананың Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымға Талғат Рахманберді келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, Т.Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінде бастаған (Тараз қаласы).

Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура институтының (Астана қаласы) қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру бөлімінде аға прокурор, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және тағы басқа қызметтерді атқарды.

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары «Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы, қала әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі