Республикалық байқаудың ақтық кезеңі биылғы жылдың қараша айында өтеді.
Еліміздің «Үздік педагогі» қараша айында анықталады
2,759
оқылды

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы аяқталуда. Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагогикалық қызметтегі ұстаздаздар қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша,  64 жеңімпазға «Үздік педагог» сертификаты, «Үздік педагог» төсбелгісі және 1 000 АЕК – 3 450 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі.

Айта кетейік, байқау аудандық, облыстық, республикалық үш кезең бойынша өтті. Үміткердің педагогикалық қызметтегі жоғары жетістіктері мен конкурсқа қатысу кезеңінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы шарт.

Байқаудың бірінші кезеңіне қатысу үшін 961 өтініш келіп түсті, оның ішінде 461 педагог облыстық кезеңге өтті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша, жеңімпаздар үшінші кезеңге өтті. Республикалық байқаудың ақтық кезеңі биылғы жылдың қараша айында өтеді.

Фото: Halyq Uni