Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Автобуста жас қызды балағаттаған алматылыққа айыппұл салынды
1,212
оқылды

Алматыда қоғамдық көлікте жас қызды балағаттаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Оқиға биылғы қазан айында болған. Алматы қаласында №118 бағдардағы автобус салонында ер адам Д. есімді жолаушыны балағаттап, құрметсіздік танытқан. Айыпталушы сот отырысында жасаған ісіне өкініш білдірді.

"Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", – делінген қалалық сот таратқан хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.