Бұл сауалға Сауда және интеграция министрлігі жауап берді.
Қазақстан Ресейге 106 тауар түрін экспорттамайды деген рас па?
1,057
оқылды

Сауда және интеграция министрлігі БАҚ-та Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез-келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған.

"Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын "қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз. ҚР заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет", – деп жазды Сауда және интеграция министрлігі.