Оқыс оқиға 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында болған.
Петропавлда әйел адам көпірден құлап кетті
873
оқылды

Петропавлдық полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен қала тұрғынына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мәліметінше, 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінің жанындағы судан әйел адамның жағаға шыға алмай жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберіліп, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.

"Әйелді табу оңайға соққан жоқ. Ол қараңғыда бағыттан ажырап, жағадан алыстап, қамыс арасында қалып қойған шығар. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйел бізге қарай өзі жүруге тырысқанымен, орнынан қозғала алмады", – деді полиция қызметкері.

Жедел жәрдем қызметі тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді.