Кейінгі кезде тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген.
Қазақстанда несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізілуі мүмкін
802
оқылды

Бұл туралы Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазір қомақты сомада тұтыну несиесін қарқынды түрде беру үрдісі байқалып отыр. Біріншіден, тұтыну несиесінің өсуіне халық сұранысының артуы да әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген, сондай-ақ тұтыну несиелерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану да артқан. Осының салдарынан кепілсіз тұтыну несиелері бойынша орташа қарыз жыл басындағы 913 мың теңгеден қазір 1 миллион теңгеге дейін жетті», – деді М. Әбілқасымова.

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, 5 млн теңгеден асатын кепілсіз тұтыну несиелерінің үлесі қазірдің өзінде 12% болса, ал қарыз алушылардың саны бойынша 3% деңгейінде.

«Бұл тұрғыда тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу аясындағы қосымша шара ретінде агенттік заңнамалық деңгейде осы несиенің сомасына шектеу енгізуді ұсынып отыр», – деді агенттік басшысы.