Полицейлер бұл фактіні жоққа шығарып, үш жәбірленуші арыз жазғанын айтты.
"15 баланың зорланғаны рас па?": Түркістан облысының полициясы мәлімдеме жасады
1,408
оқылды

Түркістан облысы Полиция департаменті 33 жастағы ер адам 15 баланы зорлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оtyrar.kz жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желілерде зорлық құрбаны болғандар саны 15 балаға жетуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Полицейлер бұл фактіні жоққа шығарып, үш жәбірленуші арыз жазғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін 3 жәбірленуші арыз берді. 15 дерек шықты немесе 15 арыз берілді деген шындыққа сәйкеспейді, 15 жәбірленуші жоқ. Басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін адвокат Айман Омарова Түркістан облысында ер адам 15 баланы зорлағанын мәлімдеген болатын.

Фото: Polisia.kz