Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды таныстырып, өтінімхатты қолдады.
Қайрат Боранбаев бостандыққа шығады: Сот шешімі шықты
1,284
оқылды

Сот Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот сотталушы Б.-ның өтінімхатын қанағаттандырып, қалған жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Сот мына мән-жайды ескерді:

Сотталушы заңмен бекітілген жазаның үштен бір бөлігін өтеді (2 жыл 4 ай 5 күн);

Тергеумен келісіп, істеген ісіне өкініп, мемлекетке келтірген залалды толық өтеді;

Қамауда болған кезінде өзін оң жағынан көрсетті.

Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынып, өтінімхатты қолдады", – делінген хабарламада.

Сот Tengrinews.kz тілшісіне бұл сотталған Қайрат Боранбаевқа қатысты мәлімдеме екенін растады.

Сот шешіміне сәйкес ол пробациялық бақылауда болады. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: kaztag.kz