Синоптиктер еліміздің бес қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын болжайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 2023 жылғы 21 қазанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Балқаш қаласында ауа ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.