Бүгінгі күнде қаламызда 50 мың бала балабақша кезегінде тұр.
Бас қалада балабақша мәселесі қалай шешіледі?
982
оқылды

Алдағы кезеңде Астана қаласында 60 мемлекеттік балақша ашылып пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһар басшысы  Жеңіс Қасымбек  Jibek joly телеарнасындағы сұхбатында  елордада балабақша мен мектеп тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты.

«Бүгінгі күнде қаламызда 50 мың бала балабақша кезегінде тұр. Біз бұл мәселені шешуді қолға алып жатырмыз. Қазіргі уақытта сол мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен 60 мемлекеттік балабақша салынып, пайдалануға беріледі», – деді Ж.Қасымбек.

Астана қаласының әкімі елордадағы  мектеп тапшылығын азайту мақсатында қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 24 нысанның құрылысы жүріп жатқанын да айтты.