"Қазгидромет" синоптиктері 22 қазанда Алматыда ауа ластануы мүмкін екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл күні атмосферада ластаушы заттар көбірек жиналады. Республиканың басқа қалаларында ауа райы қолайлы болады.
Мұндай ауа райы кезінде:
- көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
- созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
- таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
- денешынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.