Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызылордада 33 миллион теңгені алаяқтық жолмен иеленген азамат ұсталды
3,648
оқылды

Қызылордалық полицейлер ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық ақшаны алаяқтық жолмен иеленген азаматты ұстады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласында іздеуде жүрген 37 жастағы қызылордалықты құрықтады.

«Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы  4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол биыл шілде айында алаяқтық жолмен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір  ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.