Облыстық соттың шешімімен Таштанова 4 қарашаға дейін қамауға алынды.
Қырғызстанда 75 жастағы зейнеткер желідегі жазбасы үшін ұсталды
926
оқылды

Қырғызстанда 75 жастағы зейнеткер Салия Таштанова әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің адвокат Токтосун Жоробековке сілтеме жасап хабарлауынша, зейнеткерге "Билікті күштеп басып алуға жария шақыру" бабы бойынша айып тағылған. Облыстық соттың шешімімен Таштанова 4 қарашаға дейін қамауға алынды.

"Адахан Мадумаров қамауға алынғаннан кейін Салия Таштанова президентке және Қамшыбек Ташиевке елді қымбатшылық жайлағанын, әділдік жоқ екенін айтып үндеу жолдаған. Осыдан кейін тергеушілер оның үстінен "президенттің және  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысының беделіне нұқсан келтірді" деген айыппен қылмыстық іс қозғады", – деді адвокат.

Өткен жылы Салия Таштанова құрылтайда сөз сөйлеп, егер шекара мәселесін шеше алмаса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев пен ел президенті Садыр Жапаровтан отставкаға кетуді талап еткен.