Қазақстандық эстрада әншісі Қайрат Нұртас бауырларымен бала кезде түскен суретін жария етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші бұл фотоларды інісі Аян Нұртастың туған күніне орай бөлісті.
"Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме, @ayan__nurtas Алла бере салғаным, туған күніңмен", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің оқырмандары "Үшеуі де сүп-сүйкімді", "Қайта келмес бозбала кез", "Бауырлар красавчик", "Қайрош легенда, тіл-көзден аман болыңыздар" деп пікір жазып, әншінің інісін туған күнімен құттықтап жатыр.