Бұл ойынға балалар қатысады, онда жеңілген адам жүріп бара жатқан көліктің жанынан жолды кесіп өту керек.
"Жүгір...": Жасөспірімдерді өлімге итермелейтін ойын көпшілікті шошытты
1,884
оқылды

Ата-аналар «Жүгір немесе өл» деп аталатын қауіпті балалар ойынына қатысты бір-біріне ескерту жасауда, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, бұл ойынға балалар қатысады, онда жеңілген адам қозғалыстағы көліктің жанынан жолды кесіп өту керек. Қалған қатысушылар бұл қауіпті әрекетті бақылап тұрады.

Ата-аналар бір-біріне қатты алаңдаушылық білдіріп, сақ болуға шақырады, әсіресе жүргізушілерді жолда сақтық пен абайлап жүруге, әсіресе осы қауіпті ойынға қатысатын балалардың айналасында мұқият болуға шақырды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың тоғыз айында облыста 308 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл қауіпті «Жүгір немесе өл» ойыны тек Қазақстанда  емес, Ресейде де жиі кездесетінін және қайғылы салдарға әкелетінін айта кеткен жөн.

«Жүгір немесе өл»  балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған ойын. Оның мақсаты  көліктің алдынан тікелей жолды кесіп өту. Жолды жүгіріп өтіп, аман қалған ойыншы жеңімпаз атанады.