Айыпталушылардың үшеуі де 18 жаста.
Атырау облысының үш тұрғыны қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды
1,399
оқылды

Атырау облысының тұрғындары қой ұрлағаны үшін сотталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соттың мәліметінше, екі қой ұрлаған Махамбет ауданының үш тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдарына сәйкес, олар қораға заңсыз кіріп, мал ұрлап, сол ауданның тұрғынына сатып жіберген. Келтірілген шығын 250 мың теңгеге бағаланған.

"Айыпталушылардың үшеуі де 18 жаста. Біреуі мүгедек. Осыны ескерген сот оларды бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.